АҚШ-тың Орегон штатында жойқын жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орегон штатындағы Портланд қаласында орналасқан көп қабатты наубайханада жойқын жарылыс болып, салдарынан 5 адам түрлі жарақат алды.

Бұл туралы «Хабар 24» жазады.

Жараланғандардың үшеуі өрт сөндіруші екендігі анықталды. OregonLive-тың хабарлауынша, жарылысқа тұрмыстық газдың сыртқа таралып кетуі себеп болған.

Жарылыстан кейін ғимараттан өрт шығып, оның қою түтіні аспанға будақтады. Жарылыстан көршілес тұрған медициналық орталық пен бірнеше дүкенге зақым келіп, электр жарығы сөніп қалды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшірді.

Полиция жұрттың наубайханаға жақындамауын ескертіп, оның төңірегін оқшаулап тастады.  Жалпы ғимаратта бастапқыда неше адам болғаны белгісіз болғандықтан, жараланғандар саны артуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар