АҚШ-тың мұнай өндіру көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы АҚШ орташа алғанда тәулігіне 9,6 млн баррель мұнай өндірді. Рекордтық көрсеткіш туралы The Washington Post газеті жазды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Басылымның жазуына қарағанда елдегі мұнай өндірудің жоғары көрсеткіші тек 1970 жылы тіркелген. Сол кезде күніне 10 млн баррельден астам мұнай өндірілген.

Өндіру көлемінің артуына битумозды қатпарлы өңдеу технологиясының жетілдірілуі себепші болған. «Қатпарлы мұнай өндірісінен табыс табу үшін әлемдік мұнай бағасы барреліне 55-60 доллар арасында болуы қажет, - деп жазады The Washington Post. - Әлемдік экономиканың өсуі және ОПЕК елдерінің мұнай өндіруге шектеу қоюы салдарынан мұнай бағасы өсіп, барреліне $60-тан асты».

Сондай-ақ, былтыр 22 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп салық реформасына қатысты заңнамаға қол қойды, бұл Алясканың Арктикалық қорығындағы мұнай кен орындарын игеруге жол ашады.

«Бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың тәулігіне орташа өндіру 10 млн баррельден асып кетуі мүмкін емес көрінетін, - дейді The Washington Post. - 2005 жылы қыркүйекте күніне 3,8 млн баррель, 2008 жылдың қыркүйегінде сонша көлемде мұнай өндірілген».

«Ірі қатпарлы мұнай кен орындары Техас, Монтана, Солтүстік Дакота, Оклахома, Колорадо, Вайоминг, Небраска штатының бірқатар аудандарында орналасқан», - делінген мақалада.

Газеттің атап өтуінше, «АҚШ-тың мұнайға деген тәуліктік сұранысы 20 млн баррель шамасында».

Соңғы жаңалықтар