АҚШ-тың бес экс-президенті қайырымдылық концертіне қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Харви» дауылынан аса зор зардап шеккен Колледж-Стейшен қаласындағы Техас ауыл шаруашылығы және машина жасау университетінде үш сағаттық қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. 

Джимми Картер, Билл Клинтон, Үлкен Джордж Буш және оның ұлы Кіші Буш, сондай-ақ Барак Обама осы шараның құрметті қонақтары болды.

Концерт барысында АҚШ президенті Дональд Трамптың видеоүндеуі де берілді. Ол «Ирма», «Мария», «Нэйт», «Харви» дауылдарынан, сондай-ақ Калифорниядағы алапат табиғи өрттен Америка халқы үлкен зардап шеккенін айтты.

Қыркүйектің басынан бері осы бес бұрынғы президент ұйымдастырып жатқан қайырымдылық кампаниясының ресми өкілдері сенбі күні акция барысында жалпы 31 млн доллар жиналғанын мәлімдеді. Бұл қаржы негізінен Техас және Флорида штаттарына және Пуэрто-Рико мен Американың Вирджиния аралдарындағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға беріледі.

null 

Соңғы жаңалықтар