АҚШ-тың Атланта әуежайында мыңдаған рейс тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Атланта қаласындағы (Джорджия штаты) Хартсфилд-Джексон әуежайында электр энергиясының өшірілуі салдарынан 1 мың әуе рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды AP агенттігі.

Әуе айлағының басшылығына мәлімдеуінше, Атлантаға ішкі рейстер жасайтын барлық ұшақтар әуежайларынан аттана алмаған. Халықаралық рейстер басқа әуежайларға бағытталуда. Атлантадан ұшырылу да жүргізіліп жатқан жоқ. Әуежайдың жолаушылары терминалдардан эвакуацияланды.

Flightradar24 дерегі бойынша, жексенбі күні Атланта әуежайында ұшырылатын 456 рейс және қонуы тиіс 696 рейс тоқтатылды.

Штаттың билігі хабарлағандай, электр энергиясының өшірілуіне жерасты станцияларының бірінен өрттің шығуы себеп болған. Олар электр энергиясын беруді бір тәулікке жеткізбейміз деп жоспарлап отыр.

Хартсфилд-Джексон халықаралық әуежайы әлемдегі ұшу және қонуы бойынша ең қарбалас,  жолаушылар ағыны көп әуежай саналады. Ол өткен жылы 104 млн жолаушыға қызмет көрсеткен. Ол арқылы күн сайын 275 мың адам өтеді. 

Соңғы жаңалықтар