АҚШ-тың әскери тікұшағы апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың HH-60 Black Hawk әскери тікұшағы Иракта, Сирия шекарасына жақын маңда апатқа ұшырады. Бұл туралы  АBC америкалық қолбасшылыққа сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе судносының бортында жеті адам болғаны атап өтіледі.

Телеарнаның мәліметтеріне қарағанда, тікұшақты атып түсірген. Әзірге қанша адамның мерт  болғаны немесе жарақаттанғаны жайлы дерек жоқ.

 Оқыс оқиғаның сепбеп-салдары тексерілуде.

Фото: AP Photo / Brennan Linsley

Соңғы жаңалықтар