АҚШ-тың алқа билер соты 5 жыл бұрын қазақстандықты атып тастаған полицейге қатысты үкім шығарады (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық полицей Стивен Рэнкинге үкім шығаратын алқа билер соты 12 адамнан: жеті әйел мен бес ер адамнан тұрады.

Рэнкин 2015 жылы  Портсмут қаласының 18 жастағы тұрғыны Уильям Чэпменді, ал 2011 жылдың сәуірінде қазақстандық Кирилл Денякинді атып тастаған. Бірінші кісі өлімінде полицейден барлық айып алынып тасталды, деп хабарлады The Guardian басылымы.

Америкалық полицей өз карьерасында екінші жеткіншекті өлтіргендіктен, АҚШ-та оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Рэнкин өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның сөзіне қарағанда, Чепмен оны ұстау кезінде қарсылық көрсеткен. Полицей жасөспірімді ұстап жатқанда оның беті мен кеудесіне оқ атқан. Екеуі бір минуттай арпалысқан.  Полицейдің сөзіне қарағанда, Чэпмен оның электрошокерін тартып алыпты. Қайғылы оқиға түсіп қалған видео алқа билер сотына ұсынылды.

Алқа билер соты полицейді ақтай алады немесе қасақана кісі өлтіруге кінәлай алады, немесе қылмысты бірінші дәрежелі қылмыс, екінші дәрежелі қылмыс деп бағалай алады. Екі құрбанның да қарусыз болғаны анықталды.

Егер алқа билер соты оқиғаны бірінші дәрежелі кісі өлтіру деп тапса, Рэнкинді екінші рет ақтап алады.

Сонымен қатар, Кирилл Денякиннің анасы Елена Денякина қазір АҚШ-та. Қазақстандық әйел сотқа қатысу үшін 6 мың миль жүріп келді.

Гардиан басылымы құрбан мен полицейдің аналары - Елена Денякина мен Салли Чепменнің кездесу сәтін суретке түсіріп алды.

Елена Денякина америкалықтың анасына көңіл айтып, осындай қайғылы оқиғаның қайталанғанына өкінішті екенін айтты.

Айта кетейік, «Work and Travel» бағдарламасы бойынша Портсмуттағы қонақ үйлердің бірінде аспаз боп жұмыс істеген 26 жастаға қарағандылық 2011 жылдың 23 сәуірінде қаза тапты. Полиция қызметкері Стивен Д. Рэнкин оны тонаушы деп ойлап, оқ атқан. Сол кездегі сот ішімдікке мас күйінде, қалтасына қол салған Денякиннің өзі кінәлі екенін, полиция қызметкерінің өзін қорғау мақсатында оқ атқанын айтқан. Айтпақшы, полицей Рэнкин Денякинге 11 оқ жұмсаған. 

null null 

Соңғы жаңалықтар