АҚШ-тың 198 млн сайлаушысының деректері желіге жүктелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Республикалық партиясының Ұлттық комитетіне жұмыс істейтін Deep Root Analytics компаниясы желіге 198 миллион америкалық сайлаушылардың жеке деректерін орналастырды. Бұған UpGuard компаниясының кибер тәуекел сараптама жөніндегі мамандар назар аударды, деп хабарлайды Лента.ру.

Онда сайлаушылардың аты-жөні, туған күндері, мекен жайлары мен байланыс телефондары толық қамтылған. Ақпарат Amazon серверлерінің бірінде жарияланды. Мәліметтердің көлемі 1,1 терабайтты құрады. Барлық деректі көшіріп алу үшін мамандар үш күн уақыт жұмсады.

Deep Root Analytics-тің негізін қалаушылардың бірі Алекс Ландри сайлаушылардың жасырын мәліметтерінің таратылуы немесе жоғалып кетулеріне байланысты толық жауапкершілікті  мойнына алатындығын айтты. 

Соңғы жаңалықтар