АҚШ тұрғыны Головкиннің портреті бар шаш үлгісін жасатып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - АҚШ-тағы барбершоптардың бірінің иесі Мигель Росас Твиттерге  қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің құрметіне арналған өз жұмысының суретін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.    

Шаш қию шеберінің клиенттерінің бірінің желке тұсына, яғни шүйдесіне кескінделген Головкиннің бейнесі айна-қатесіз жасалған. Бұл жұмысқа GGG промоутері Том Леффлер жоғары баға беріп, суретті әлеуметтік желіде бөліскен. Бұл Мигельдің алғашқы жұмысы емес, шашқа портрет салатын шебер бұған дейін де бірнеше музыка және спорт жұлдыздарының бейнесін жасаған.

Айта кетерлігі, Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 5 мамыр күні Калифорния штатында өткізбек. Оған қарсылас болатын боксшының есімі әлі нақты емес. 

Соңғы жаңалықтар