АҚШ тарапы жүктерін Ақтау және Құрық порттары арқылы тасымалдауы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттары Ауғанстанға баратын және Ауғанстаннан шығатын арнайы жүктерін Ақтау және Құрық порттары арқылы тасымалдауы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айтап айтқанда, бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Ауғанстанның тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстанның аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастады. Құжат бойынша қорытынды әзірлеу міндеті палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелді.

«Осы хаттама нормалары Америка Құрама Штаттарының Ауғанстанға баратын және Ауғанстаннан шығатын арнайы жүктерінің транзит бағытына Ақтау және Құрық порттарын енгізуді көздейді. Хаттама осы арнайы жүктерді Каспий теңізі арқылы өткізуге мүмкіндік береді. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар