АҚШ-тан келген арнайы сарапшылар оңтүстіктің кинологтарымен тәжірибе алмасады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында кинологтардың бір айлық оқу курсы басталды. Кинологиялық тәлімбақта ұйымдастырылған «Кинолог-мамандармен қызметтік-іздестіру иттерін есірткі заттарын іздестіруге даярлау»  атты шара ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР АҚШ Елшілігі Әскери ынтымақтастық бөлімінің Есірткіге қарсы күрес бағдарламасының бастамасымен өтуде, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқу курсына АҚШ-тан арнайы сарапшылар ретінде оқытушы-кинологтар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісуде. АҚШ Елшілігі Әскери ынтымақтастық бөлімінің Есірткіге қарсы күрес бағдарламасының директоры Кристофер Кент пен АҚШ-тан келген оқытушы-кинологтар әлемнің оқыз тәжрибелерін көрсетіп, жергілікті қызметкерлермен бірлеске жаттығулар өткізеді.
null

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 ай мерзімінде оңтүстікқазақстантандық кинологтар қызметтік-іздестіру иттерінің қолдануымен есірткі контрабандасының 46 дерегін анықтап, заңсыз айналымнан жалпы көлемі 863 гр. есірткі заттырын  тәркілеуге қолғабыс етті. Сондай-ақ ҰҚК-нің қызметкерлерімен бірлесе жүргізілетін жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы көлемі 557 гр. есірткі заттары алынды.
null null 

Соңғы жаңалықтар