АҚШ-тағы турнир: Қазақ гольфшы екінші болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-ТЫҢ Орландо қаласында 12-14 наурыз аралығында Major Champions Invitational бірегей гольф-турнирі өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Турнирге мэйджорлардың бірнеше дүркін чемпиондары, танымал 18 гольфшы және Севе Баллестерос қоры демеушілік жасады. Жарыс идеясы мэйджорлардың алты мәрте жеңімпазы Ник Фалдоға тиесілі. Чемпиондардың әрқайсысы турнирге төрт адамнан тұратын өз командасын жасақтап әкелген. Команда құрамындағы спортшылар 21 жасқа дейінгі екі жігіт және екі қыз болуы керек. Мәселен, Рори Макилрой өз командасына ирландиялық үздік спортшыларды шақырса, Адам Скот Австралия гольфшыларын жарысқа қосты. Сондай-ақ Баллестерос қорының командасы испаниялық гольфшылардан құралса, Дастин Джонсон, Джордан Спитс, Джим Фьюрик америкалық жас таланттарды жинаған.

Ал қазақстандық гольфшы Дәулет Төлеубаевты турнирге аты аңызға айналған гольф шебері Джек Никлаус шақырған.  Дәулеттен басқа командада PGA Junior 2017 чемпионы Акшай Бхатия, қыздар арасындағы көптеген турнирлердің жеңімпазы Елими Ноа және юниорлар арасында айтулы жетістіктерге қол жеткізіп жүрген Анитра Кхотч бар.

null

Турнир үш раундқа созылды. Төрт қатысушының ең үздік үш көрсеткіші есепке алынды. Нәтижесінде, Дәулет Төлеубаев қатысқан команда -12 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Бірінші орынды әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Дастин Джонсонның құрамасы алды. Олардың көрсеткіші -19. Үшінші орынды Том Ватсонның командасы иеленді.

Айта кетерлігі, қазақстандық жанкүйерлерді қуантқан тағы бір жағдай - турнирдің қорытынды протоколында Никлаустың командасының тұсына Қазақстан Туы орналастырылған. 

null 

Соңғы жаңалықтар