АҚШ-тағы Ирма дауылы салдарынан ондаған қазақстандық елшілікке хабарласқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елшіліктің жедел желісіне Ирма дауылының салдарынан ондаған ҚР азаматынан қоңыраулар келіп түскен. Олар өздері туралы және тұрған жері, сондай-ақ зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесу ұсынысымен байланыс ақпаратын қалдырған.

Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА-ға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы хабар берді.

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Флорида штатында тұратын қазақстандық диаспора өкілдерімен үзбей байланыс жасап отыр. Қазақстан азаматтары қажетті кеңестер  мен штаттың шұғыл қызметтерінің нөмірлерін алуына болатын қауырт желі ашылған. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілердегі қазақстандықтардың басын қосатын арнайы топтарда америкалық жедел жәрдем қызметтерінің нөмірлері көрсетілген ақпараттар таралуда.

Майамиде және оған жақын аудандарда тұратын көптеген қазақстандықтар өздері тұрған жерден кетіп, басқа штаттардағы туыстары мен достарына барып паналауда. Табиғат апатының қауіпті аймағынан кетуге үлгермеген, сондай-ақ штатта қалуға тәуекел еткен азаматтар дауылдың басылуын арнайы ұйымдастырылған баспаналарда немесе берік салынған ғимараттарда күтеді.

Соңғы жаңалықтар