АҚШ-тағы Бостандық ескерткіші туристер үшін уақытша жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің басты белгілерінің бірі - Бостандық ескерткіші туристер үшін жабылды, деп хабарлайды ТАСС. 

Федералдық үкіметтің қаржыландыруды уақытша тоқтатылуы салдарынан сенбі күні жабылды. Туристер әзірге Бостандық ескерткішін, сондай-ақ басқа көрікті жерлерді - Гудзондағы Эллис аралын да  жақыннан көре алмайды.

Аталмыш нысандардың ресми сайтында бұл шара «қаражаттың бөлінбеуіне» байланысты қабылданған хабарланған. Билеттерді алдын ала сатып алғандар оның орнына басқа экскурсияға бара алады.

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо көрікті орындарды қайта ашу үшін қаржыны тезірек табуға тырысатынын мәлім етті. Ол аталмыш ескерткіштің АҚШ-тың басты белгілерінің бірі деп есептейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, елдегі көптеген көрікті орындар, соның ішінде ұлттық саябақтар мен музейлер уақытша жабылды.

«Ұлттық саябақтардың барлығы жұмыс істеп тұрған жоқ, бірақ біз олардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салып жатырмыз», - деп жазды АҚШ ішкі істер министрі Райан Зинке Twitter-де. 

Соңғы жаңалықтар