АҚШ-та жыныстық қатынас жұқпаларының індеті басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жыныстық қатынас жолдары арқылы инфекция жұқтыру оқиғаларының саны артуда. Мұндай қорытындыны ауруларды бақылау және олардың алдын алу жөніндегі орталықтардың (CDC) мамандары жасап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Америкада жиі кездесетін жыныстық қатынас жұқпаларына хламидиоз (1,5 млн. оқиға тіркелген), гонорея (400 мың оқиға) және мерез (24 мың оқиға) жатады. CDC директоры Джонатан Мерминнің (Jonathan Mermin) айтуынша, мұндай көрсеткіштер жыныстық қатынас инфекцияларының алдын алудағы медициналық шаралардың төмен деңгейін көрсетіп отыр.

Хламидиозды жұқтыру оқиғаларының үштен екісі және гонореяға шалдығудың тең жартысы 15-24 жастағы адамдардың үлесінде. Бұл ретте, клиникаларды ең көп жағалайтын науқастар - гомосексуалды ер адамдар. 2015 жылы әйелдер арасында мерезді жұқтыру 27 пайыздан астамға артты. Дегенмен, төмен деңгейін  сақтап отыр.

 

Соңғы жаңалықтар