АҚШ-та жазғы демалыста гаджет қолданбаған оқушыларға ақша төленбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтондағы жеке орта мектеп директоры Диана Смит оқушылар жазғы демалыста геджеттерді қолданбайтын болса, оларға 100 доллар көлемінде ақшы төлеуге уәде берді, деп жазады газета TheWashington Post. Бұл туралы аталмыш басылымға сілтеме жасап Риа Новости агенттігі хабарлады.

Смит балаларға алдымен жаздың әрбір сейсенбісін ұялы телефон мен өзге де электронды құралдарсыз өткізуді ұсынғанын айтады.

Ата-аналар ұстаздың бұл бастамасын бірауыздан қолдаған.

9 жылдан астам уақыттан бері білім беру мекемесін басқарып келе жатқан Смит жыл сайын жағдайдың күрделеніп бара жатқандығын айтады. Балалар интернетте түннің бір уағына дейін отырып, бір-біріне хабарлама жазудың салдарынан ұйқылары қанбай шаршап жүретін көрінеді.

Ұстаз оқушылардың гаджеттерді аптасына бір күн болса да пайдаланбағаны үшін ақшаны қалтасынан төлеуге дайын.

Соңғы жаңалықтар