АҚШ-та университет маңында белгісіз біреу оқ жаудырды, зардап шеккендер бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Урбане-Шампейнеде Иллинойсск университетінің маңында белгісіз біреу оқ жаудырды. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, оқиға салдарынан тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды life.ru.

Соңғы деректерге сәйкес қылмыскер атыс орнынан қашып кеткен. Оқу орнының әкімшілігі студенттерге шұғыл оқиға орнынан алыс кетуді ұсынды.

Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы ресми деректер әзірге түскен жоқ.

Фото: ©РИА Новости/Наталья Селиверстова

Соңғы жаңалықтар