АҚШ-та университет кампусында болған атыс салдарынан бір адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Питерсберг қаласында орналасқан Вирджиния штаты университетінің кампусы аумағында сенбі күні болған атыс салдарынан кем дегенде бір адам жарақат алды. Бұл туралы CBS телекомпаниясы хабарлады.

Телеарнаның дерегі бойынша, зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Оның алған жарақаты өміріне қауіп төндіріп тұр. Оқ атқан адам, болжам бойынша қара нәсілді жас жігіт. Оның не себепті оқ атқаны және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Университет аумағы қоршауға алынған, онда полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Күдіктінің тұтқындалғаны хабарланбады. 

Соңғы жаңалықтар