АҚШ-та сауда үйінде атыс ұйымдастырған күдікті ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық полиция Вашингтон штаты Берлингтон қаласындағы сауда үйінде бес адам ажал құшқан атысқа күдікті жас жігітті қолға түсірді.

Ұсталған ер адамның аты Арқан Сетин, жасы 20-да, сол штаттың шағын Оук-Харбор қаласының тұрғыны болып шықты, ол сол жерден ұсталған сыңайлы, деп хабарлады Би-Би-Си.

 Жұмада   Cascade Mall сауда орталығында болған атыстан үш әйел, қыз бала қаза тапты, сондай-ақ кейіннен ауруханада ауыр жарақаттан бір ер адам көз жұмды.

ФБР  мұны лаңкестік шабуыл деп қарастырмайтындықтарын мәлімдеді. Полиция шабуылдаушы жалғыз өзі оқ атты деген нұсқаны ұстануда. 

Соңғы жаңалықтар