АҚШ-та пилотсыз Uber таксиі әйелді мерт қылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 наурыз күні Аризона штатының (АҚШ) полициясы Uber компаниясының пилотсыз таксиі Темпе қаласында әйелді қағып кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

Зардап шегуші алған жарақатынан көз жұмған. Осыдан кейін Uber компаниясының басшылығы АҚШ пен Канадада автономдық көлік бағдарламасын тоқтататынын мәлім етті.

Темпеде болған жағдай өзі басқарылатын көлік құралының қатысуымен болған алғашқы жол апаты. Бүгінде таксидің мұндай түрі әлем бойынша сынақтан өтуде. Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні болған апат кезінде автомобильдің рулінде жүргізуші болған, бірақ көлік құралы автономдық режімге қойылған, деп хабарлады Темпе полициясынан.

Фото: mlpol.net

Соңғы жаңалықтар