АҚШ-та панасыз әйелді қуып шыққан ауруханаға 450 мың доллар төлеу міндеттелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аурухана қызметкерлері панасыз әйелді аурухана пижамасымен қуып шыққан, деп хабарлайды Би-би-си.

Есі ауысқан үйсіз әйелді аурухана пижамасымен қуып шыққан Лос-Анджелестегі аурухана 450 мың доллар төлейтін болады.

Оқиға 2014 жылы болған, ал 2015 жылдың сәуір айында Лос-Анджелес билігі Gardens Regional Hospital and Medical Center ауруханасын сотқа берді.

38 жастағы әйел шизофрениямен және өзге де психикалық аурулармен, қант диабеті және демікпемен ауырған. Оның құжаты мен ақшасы болмаған, деп жазды Ассошиэйтед пресс.

Los Angeles Times газетінің хабарлауынша, әйелді аурухана фургонынан қуып шыққан. Қуылған әйел өзі туралы қала билігі хабардар болғанша, бірнеше сағат бойы пижамамен көше кезіп жүрген. Газет мәліметтеріне сүйенер болсақ, әйел маскүнемдік пен нашақорлықтан зардап шеккен.

Қала билігі аурухананы пациенттерге көмек көрсетпей қуып шығады деп айыптауда. Мұндай қарым-қатынасқа аталған әйелдің ісі тамаша мысал болды.  

Соңғы жаңалықтар