АҚШ-та ММА жұлдызын тұтқындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жек шебері швейцариялық Волкан Оздемир АҚШ-та тұтқындалды, деп хабарлайды prosports.kz.

Жақында белгілі болғандай, UFC жартылай ауыр салмақтағы спортшы (93 келі) тегі түрік Волкан Оздемир АҚШ-та ауыр дене жарақатын келтіргені үшін айыпталып, тұтқындалған.

Оны Флорида штатындағы Форт-Лодердейл қаласында ұстаған. Оқиғаның мән-жайы әзірге беймәлім. Тек Бровард округіндегі түрмеге қамалғаны ғана белгілі. Волкан жартылай ауыр салмақта чемпион титулы үшін белбеу иегері Даниэл Кормьемен бақ сынауы тиіс болған, бірақ енді оның UFC-те қалу-қалмауы белгісіз болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар