АҚШ-та мейірбике 60 баланың өліміне қатысы бар деген күдікке ілініп отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан 30 жыл бұрын сәбиді өлтіргені үшін Техаста жазасын өтеп жатқан бұрынғы мейірбике Дженин Джонс кемінде 60 баланың өліміне қатысы болуы мүмкін.

Бұл туралы France Presse генттігі үкіметке сілтеме жасап хабарлады.

«Джонс кем дегенде 60 баланың өліміне күдікті»,-делінген Сан-Антонио  округтық прокурорының  сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Қазіргі уақытта Дженин Джонс 1884 жылы жасаған қылмысы бойынша екі мерзімдік жазасын өтеп жатыр.

Оны 15 айлық нәрестені  өлтіргені үшін 99 жылға бас бостандығынан айырған. Бұдан басқа Джонсқа одан үш жыл бұрын тағы бір сәбидің өмірін қиғаны үшін айып тағылған.

Соңғы жаңалықтар