АҚШ-та қазақстандық боксшы қатысқан жекпе-жек өткізілмеді деп есептелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен бокс додасында қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов пен америкалық Морис Чалмерстің жекпе-жегі өткізілмеді деп есептелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BoxRec сайтына сілтеме жасап.

Аталған басылымның таратқан мәліметінде жекпе-жектің нәтижесі NC (No contest) деп көрсетілген. Бұл жекпе-жектің өткізілмегенін білдіреді.

Кездесу жартылай орта салмақ дәрежесінде өтуі тиіс болған. Боксшылар жекпе-жектен бір күн бұрын салмақ өлшеу рәсімін де сәтті өткізген. Алайда, бүгін шаршы алаңда отандасымыздың қарсыласының қабағы жарылып, дәрігер жекпе-жекті тоқтату керектігін айтқан. Осы сәтте шаршы алаңдағы төреші жекпе-жекті тоқтатып, өткізілмеді деп есептелетінін хабарлаған.

Айта кетейік, Эюбов кәсіпқой бокста осыған дейін 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуін ол 12 маусымда өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз Нью-Йорктағы екі дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы Кларисса Шилдс 4-0, 2 КО пен екінші орта салмақтағы WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Нелсон (17-0-3, 2 КО) арасындағы бокс кешінің андеркартында жұдырықтасты. Басты жекпе-жекте Кларесса Шилдс отандасы Тори Нельсонды жеңіп, екінші орта салмақта WBC және IBF тұжырымдарының әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Соңғы жаңалықтар