АҚШ-та қатты суықтан 13 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та толассыз жауған қар мен күннің күрт суытуы салдарынан бір апта ішінде 13 адам көз жұмды, деп хабарлайды СNN.

Синоптиктердің хабарлауына қарағанда, АҚШ-тың шығысында алдағы күндері де қыс қаһарына мінбек. Елдің Бостон, Филадельфия және Нью-Йорк сияқты ірі  қалаларында аязға байланысты барлық мектептер жабылған.

Елдегі әуежайларда  3 мыңнан аса әуе рейстері кейінге шегерілді. Вирджиния, Солтүстік Каролина және Флорида штаттарында мыңдаған адам жарықсыз қалды.

Соңғы жаңалықтар