АҚШ-та қаскүнем 8 адамды атып тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Миссисипи штатында атыс болып, сегіз адам оққа ұшты, деп жазады «Хабар 24».

Шабуыл жасаған қаскөй екі елді мекендегі үш үйге оқ жаудырған. Қаза тапқандар арасында шұғыл шақыру бойынша жедел жеткен жергілікті шерифтің орынбасары да бар. Қазір 35 жастағы күдікті Вилли Кори Годболт қамауға алынды.

Қаскөй 16-дағы жасөспірімді кепілдікке алған болатын. Кепілдегі бозбала аман-есен босатылды.

Айта кету керек, Гарвард университетінің зерттеулеріне сәйкес, АҚШ-та мұндай оқиға жыл санап артпаса, кемімей отыр. Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті күшейте түскенімен, адам өлімі дерегі екі айда ең кемінде бір рет болып тұрады.

Соңғы жаңалықтар