АҚШ-та «Ирма» дауылынан 3 млн объект жарықсыз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Флорида штатында «Ирма» дауылы салдарынан 3 милионнан астам объект жарықсыз қалды. Бұл туралы Шттаттың ең ірі 5 энергетика компанияларының мәліметтеріне сілтеме жасаған CNN телекомпаниясы хабарлайды.

Флорида губернаторы Рик Скотт 1,528 миллионнан астам үйлер мен кәсіпорындардың электр энергиясынсыз қалған.

Сенбі күні Florida Power & Light компаниясының басшысы Эрик Силоджи «Ирма» дауылы салдарынан Флориданың 9 миллионнан астам тұрғыны жарықсыз қалатындығын алдын ала айтты.

АҚШ дауылдарын бақылау жөніндегі ұлттық орталықтың мәліметінше, «Ирма» ошағындағы желдің жылдамдығы 49,2 м/с дейін төмендеген. Зілзала ошағы қазіргі уақытта Форт-Майерс қаласының (Флорида штаты) солтүстік шығысында 25 км қашықтықта орналасқан.  Дауыл солтүстікке қарай 6,3 м/с жылдамдықпен бағыт алған. 

Соңғы жаңалықтар