АҚШ-та екі миллионға жуық адам әйелдер маршына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дональд Трампты ұлықтау рәсімінен кейін елдің түрлі қалаларында екі миллионға жуық адам әйелдер құқығын қорғау маршына қатысты, деп хабарлайды Риа Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың болжамынша, бір ғана Вашингтонда наразылық шараларының ошағында жарты миллион адам ереуілге шығуы мүмкін. Бұл ертеректе болжанғаннан екі есеге көп. Лос-Анджелес көшелерінде де жергілікті полиция 750 мың адамның шеруге шыққанын хабарлады. Тағы 500 мың адам Нью-Йоркта қарсылық танытты.

Полиция тарапынан расталмаған дерек бойынша, Чикагода 150 мыңға жуық адам наразылық шеруіне шыққан. Бостондағы наразы халық саны да сол шамалас. Сонымен бірге Майами, Денвер, Сиэтл, Филадельфияда жаппай көтерілістер болған.

Маршқа қатысқан америкалықтарға Берлин, Париж, Рим, Вена, Женева, Амстердам, Найроби, Сидней, Мельбурн, Токио, Хельсинки қалалары қолдау білдірді. «Әйелдер маршы» тіпті Антарктидада болған.

Соңғы жаңалықтар