АҚШ-та дін қызметкері адам өлтіргенін мойындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Діни қызметкер Тиффани Ирвин мен тағы үш адам АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Нью Хартфорт қаласында орналасқан Word of Life протестанттық елуінші қозғалысы шіркеуінде 19 жастағы Лукас Леонардты өлтіргенін мойындап сотпен мәмілеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lenta.ru. сайтына сілтеме жасап.

Істің егжей-тегжейін 21 қазанда TWC News телеарнасы хабарлады.

Тиффани Ирвин аталған азаматқа шабуылдағандығын және абайсызда өлтіргендігін мойындады. Осы үшін оған барлығы 12 жыл кесілді.

2015 жылдың 11 қазанында болған қылмысқа тоғыз адамның қатысы бар екендігі айтылды. Оның ішінде құрбан болған азаматтың әкесі, анасы және өгей әпкесі бар. Бұдан бұрын осы іске қатысты әрекеттерін бес адам мойындаған.

Із кесушілердің анықтағанындай, Лукас пен оның 17 жастағы інісі Кристоферді шіркеуде он сағаттай соққының астына алған. Олар осылайша, жас жігітті тәубесіне келтірмек болған. Соның салдарынан Лукас мерт болды, Кристофер ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен.

Тергеу мәліметтері бойынша, пастор бұл әрекеттерге қатыспаған, тек сырттай бақылап тұрған.

Сот Ютика қаласында өтіп жатыр. Болған жағдай АҚШ-та атышулы оқиғаға айналды. Осы қылмысқа қатысы бар бес адамға үкім желтоқсанда, қаңтарда шығады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар