АҚШ-та бюджет тапшылығы 665,7 млрд долларға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та 2017 қаржы жылы бюджет тапшылығы 665,7 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Bloomberg.

Сондай-ақ  2015 жылы бюджет тапшылығы 438 млрд долларды құрағандығы атап өтілген. Елдің қаржы министрлігінің басшысы Стивен Мнучиннің мәлімдеуінше, бұған салықтың аз түсуі себеп болған.

Бұдан бұрын АҚШ сенатының 2018 қаржы жылының бюджетін бекіткені хабарланған еді. Мұндай бюджет АҚШ президенті Дональд Трамптың өзінің салық реформасын жүзеге асыруына мүмкіндік туғызбақ.  

Соңғы жаңалықтар