АҚШ-та банан телефонға патент берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung компаниясы банан түріндегі құрылғыны патенттеді. АҚШ-тың Патенттер мен сауда маркалары бюросының сайтында  жария етілген құжатқа сәйкес өтініш 2015 жылы берілгенімен, оған берілген рұқсат тек 2017 жылдың маусым айында күшіне енген.

Samsung патент алған құрылғы бананға ұқсайды. Оның суретіне қарап бананнан пошта тексеріп, музыка тыңдап, суретке түсіре алатынын көруге болады.

Patently Apple  құрылғыны «әлемдегі алғашқы жеуге жарамды шпиондық телефон» деп атады, алайда құжатта бұл жайлы жазылмаған.

Оның сипаттамасында, BananaPhone - сымсыз түрі бананға келетін телефон. Ол смартфонға қосылады және онымен қоңырау шалуға боалды. BananaPhone қыркүйек айында дайын болады деп күтілуде. 

 

Соңғы жаңалықтар