АҚШ-та автомат тек ұтыс шығатын билеттерді берген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Оңтүстік Каролина қаласында автомат техникалық ақаулар салдарынан жергілікті лотереяның тек ұтыс шығатын билеттерді берген. 

Осының арқасында әр лотереядан 500 доллардан алудың мүмкіндігі туған. Ал жалпы жүлде қоры 20 миллион долларды құраған.

Бұл туралы WYFF News 4 арнасы хабарлады.

Екі сағат бойы тұрғындар рождестволық лотерея билеттерін сатып алумен болған. Тіпті кейбірі  ұтылмайтындығын түсініп, бірден бірнеше билет алған көрінеді.

Бір әйел  100 долларға билет алып, 18 мың доллар ұтады. Ол ақшасын алмаққа әрекеттенген кезде ғана билетінің жарамсыз екендігі анықталды.

Лотерея ойнатқан компанияның өкілдері бұл өрескел қателік жөнінде ресми мәлімдеп, келеңсіз жағдайды тексеруге кірісті.

Әзірге ұтысты беру кейінге қалдырылып отыр. 

Соңғы жаңалықтар