АҚШ-та Авраам Линкольн мемориалына есімін жазған қырғызстандық жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтонда вандализм бойынша айыпталған Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Кабар қырғыз СІМ-інің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстандық азамат АҚШ президенті Авраам Линкольннің мемориалына тиынмен сырып есімін жазған.

Оқиға 2017 жылдың 8 қыркүйегінде болды. Жағдайды анықтау мақсатында Вашингтондағы Қырғызстан Республикасының елшілігі қаланың полиция бөлімшесіне байланысқа шықты. Ондағылар дипломатиялық өкілдікке Н.Б. есімді азаматтың вандализм бойынша ұсталғандығын растады.

Қырғызстан Республикасының азаматы қазан айына белгіленген сот отырысына келу бұйрығымен 19 қыркүйек күні босатылды. Сот бекіткен келтірілген шығын көлемі 2 мың долларды құрады.

Вашингтондағы Қырғызстан елшілігінің қызметкері қандай да бір құқықтық көмек көрсету мақсатында онымен байланысқа шықты. Н.Б. әңгімелесу барысында кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін білдірді. 

Соңғы жаңалықтар