АҚШ-та әкесімен 20 долларға бәстескен бала бұқаға мініп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Джорджия тұрғыны кішкентай ұлына бұқаға қарғып мінсең, 20 доллар берем деп уәде еткен, деп жазды Daily Mirror.

YouTube желісінде жарияланған бейнероликті отағасы түсірген, онда 4-5 жас шамасындағы бүлдіршіннің бұқаға жақындап, мінуге тырысқанын көруге болады. Видео авторы ұлына ақшалай марапат уәде еткенін түсіндірді.

Роликте ұлдың әпкесінің қорыққан дауысы естіліп тұр, анасы да ұлы үшін қатты уайымдап тұр. Бірақ, олардың ешқайсысы жүрек жұтқан жас батырды тоқтатқан жоқ.

Кішкентай ұл бұқаға мінген кезде, жануар тулай бастады. Ата-анасы да түсірілімді тоқтатып, көмекке ұмтылған.

Ұлдың әкесі Facebook-тағы жазбасында ұлының аман-есен екенін және уәде етілген 20 долларды алғанын хабарлады.

«Мен оның шын мәнінде бұқаға жақындайтынын білмедім, жақындаса да оның арқасына міне алады деп күткен жоқпын», - деп жазды ол.

  

Соңғы жаңалықтар