АҚШ-та 40 млн Takata қауіпсіздік жастығы кері қайтарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Көлік министрлігі таяу үш жылда жапониялық Takata компаниясы орнатқан 35-тен 40 млн қауіпсіздік жастығын кері қайтаруды көздеп отырғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Қауіпсіздік қапшығын үрлейтін тетіктегі кемшілік салдарынан әлемде 11 адам қаза тапқан соң елдің Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі басқармасы осындай шешім қабылдаған.

Бұған дейін әлемде Takata шығарған 29 млн қауіпсіздік жастығы кері қайтарылды.

Былтыр АҚШ-тың Көлік министрлігі Takata компаниясына 70 млн доллар айыппұл белгілеп, қауіпсіздік жастығының жарылып кетуіне жол беретін аммоний нитратын пайдалануға тыйым салды.

Бұдан бұрын Takata қауіпсіздік жастығын Honda, Toyota Motor, Nissan, Mazda, General Motors концерндері, сондай-ақ Ford пен BMW өз автомобильдерінен алып тастау үшін кері шақырған болатын.

Соңғы жаңалықтар