АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар мерзімін ұзартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Дональд Трамп КХДР-ға қарсы біржақты америкалық санкциялар әрекетін тағы да бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бұл құжат АҚШ-тың бұрыңғы президенті Барак Обаманың 2010 жылғы тамыздағы, 2011 жылғы сәуірдегі, 2015 жылғы қаңтардағы және 2016 жылғы наурызда енгізілген көптеген шектеулерді күшінде сақтайды. Сондай-ақ бұл рестрикциялар ҚХДР-ның қолдануға тыйым салынған активтерін де қамтиды.

Айта кетейік, Солтүстік Кореяға бұрын салынған сакциялар мерзімі 26 маусымда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар