АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Спайсер Ақ үйден тоңазытқыш ұрлаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақ үйдің отставкаға кеткен баспасөз хатшысы Шон Спайсер шағын тоңазытқыш ұрлап кетті, деп жазады WSJ көзбен көргендерге сілтеме жасап.

Бұл оқиға Спайсер қаңтарда өз жұмысына тағайындалғаннан соң шамамен бір айдан соң болған.

 Газет деректеріне қарағанда, Спайсер қызметкерлеріне қазыналық тоңазытқышты өзіне сыйлыққа беруді сұраған, бірақ олар бас тартқандықтан күннің батуын күткен де жымқырып кеткен.

 « Ақ үйдің ресми тұлғаларының бірі  кешкі сағат сегіздер шамасында оның тоңазытқышты әкетіп бара жатқанын көрген»,-деп жазады WSJ.

Спайсер журналистерге бұл жағдай туралы түсініктеме беруден бас тартты деп қосады басылым. 

 21 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамптың ресми өкілі Шон Спайсер Ақ үйдің коммуникация департаментін басынан дау кетпеген бизнесмен Энтони Скарамуччи басқаратын болғандықтан отставкаға кететіндігі жайлы мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар