АҚШ полициясы әйелін өлтірген ресейлікті атып тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелес полициясы әйелін өлтіріп, өзінің тоғыз жасар баласын ұрлап кеткен ер адамды атып өлтірді. Қазіргі таңда бүлдіршін қауіпсіз жерде, деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа қарағанда, 22 тамыз күні кешкісін полиция қызметкерлері баласымен бірге кетіп бара жатқан 48 жастағы Константин Морозовпен байланысқа шығады. Полицияның тоқта деген сөзін тыңдамағаннан кейін, олар азаматқа оқ атуға мәжбүр болады. Ресей азаматы алған жарақатынан емханада көз жұмды. 

Сан-Францискодағы РФ бас консулдығы полиция оғынан мерт болған адамның Ресей азаматы Константин Морозов екендігін растады.

Соңғы жаңалықтар