АҚШ пен Қазақстан арасындағы сауда-саттық көлемі артатындығына сенемін - Джорд Крол

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкциялар Қазақстанға немесе қазақстандық тұлғаларға қарсы бағытталмаған. Бұл туралы бүгін Америка сауда палатасы ұйымдастырған форум аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген   АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джорд Крол айтты, деп хабарлайды ҚазАҚпарат.

«Вашингтонда америкалық және қазақстандық сарапшылар арасында тұрақты консультациялар, байланыстар бар. Бұл ретте аталған санкциялардың қалай жұмыс істейтіндігін түсінген маңызды. Санкциялар Қазақстанға немесе қазақстандық тұлғаларға қарсы бағытталмаған. Бұл аталған санкцияның мақсаты емес. Санкция Ресейге, тек Ресейге ғана қатысты», - деп баса айтты ол.

Осы ретте Елші бұл санкциялардың алынып, АҚШ пен Ресей және өзге елдер арасындағы сауда-саттық байланыстары дұрыс жолға түсетіндігіне сенім артатындығын баса айтты.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда ешқандай проблема көріп отырғаным жоқ. Біз серіктеспіз, экономикалық серіктеспіз. Бұл әсіресе Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың (АҚШ-қа)  сапары барысында анық байқалды. Өздеріңізде білесіздер, біздің елдің Президенті де бизнесмен. Бізде өте тығыз консультациялар бар.  АҚШ Елшісі ретінде бұл жердегі жұмысымның кестесі әр уақытта тығыз. Әсіресе, жоғарыда айтқан сапардан кейін жұмыс арта түсті. Бұған қуаныштымын», - деді Джордж Крол.

Сонымен қатар, ол Қазақстан мен Америка арасында тауар айналымының арта түсеріне үміт артатындығын баса айтты.

«Таяу уақытта тауар айналымының артатындығына үміт артамын. Қазір АҚШ үшін экспорттағы ең маңызды бағыт ет болып отыр. Реформалар жүргізілгеннен кейін Қазақстанға инвестиция көлемі артып, елдеріміз арасында сауда-саттық жанданады деп ойлаймын», - деді АҚШ Елшісі.

Соңғы жаңалықтар