АҚШ Окинавада пайдаланып келген жерді Жапонияға қайтармақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ және Жапония үкіметтері Вашингтонның Окинава аралында АҚШ-тың теңіз жаяу әскері полигон ретінде пайдаланып келген 4046 гектарға жуық жерді қайтаратындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Мilitary Тimes.

Жерді беру 22 желтоқсанда аяқталуы тиіс. Бұл 1972 жылдан бергі Окинаваға  қайтарылған ірі территория болмақ. АҚШ қорғаныс министрі Картер таяуда өткен Жапония перемьер-министрі Абэмен кездесуде осы мәселе туралы мәлімдеген болатын .

Окинава - жапондық Рюкю архипелагындағы ең ірі арал.  Оның аумағы - 1207 км².  1945 жылғы сәуір - маусым аралығында Окинава үшін шайқаста американдық әскер басып алған еді.

1972 жылдан бері мұнда аралдың 18 пайызын алып жатқан американдық әскерлердің әскери базасы орналасқан. АҚШ Қарулы күштерінің аралда болуы Жапония тұрғындарының қарсылығын туғызуда, деп жазады life.ru.

Соңғы жаңалықтар