АҚШ мемлекеттік басқару қоғамының Конференциясында Астана хабының сессиясы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Денвер қаласында өткен Америка мемлекеттік басқару қоғамының (ASPA) 79-шы жыл сайынғы Конференциясына Астана хабының делегациясы қатысты. Онда «ХХІ ғасырдағы мемлекеттік қызметті жетілдірудегі сын-тегеуріндер, мәселелер мен құралдар» тақырыбында Астана хабының сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сессияны Астана хабы Басқару комитетінің Төрағасы Әлихан Байменов пен ASPA Атқарушы директоры Уильям Шилдс ашты. Отырыста Қазақстан, Грузия, Молдова мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур және басқа елдердің сарапшылары мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек, Әлихан Байменов «Мемлекеттік қызметтің жандануы: демократиялық басқару мен тұрақты даму мақсатында мемлекеттік қызметті қайта құру» атты сессияда және «Мемлекеттік басқару саласындағы кәсіби қауымдастықтар мен Тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында өткен Халықаралық Ассамблеяда баяндама жасады. Өз сөзінде ол «мемлекеттік басқару моделі қалай аталмасын, қай парадигманың идеясы басым болмасын, - ең бастысы, ол азаматтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс», - деді.

ASPA мүшелері мен Конференцияға қатысушылар Хабтың аймақтағы және одан тыс тиімді мемлекеттік қызмет жүйелерін дамытуға қосып келе жатқан жоғары үлесін атап өтті.

null

«Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы мемлекеттік секторды жетілдіруге және сол арқылы 16 және 17 Тұрақты даму мақсаттарының орындалуына белсене және табысты атсалысып келеді», - деді ASPA Атқарушы директоры Уильям Шилдс.

Америка мемлекеттік басқару қоғамы (ASPA) - америкалық мемлекеттік басқару саласындағы ең ірі және кеңінен танымал кәсіби қауымдастық. 8000-ға жуық практиктер, зерттеушілер мен студенттер қоғамға мүше болып табылады. ASPA мемлекеттік басқару саласындағы теория мен практиканы ұштастыратын платформа ретінде қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар