АҚШ мемхатшысы Қазақстанды Тәуелсіздіктің 26 жылдығымен құттықтады

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Құттықтау АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Америка Құрама Штаттарының үкіметі атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 26 жылдығымен құттықтаймыз. Бүгінде Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан - экономикалық, энергетикалық, ғылыми және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнатуда бірлесе жұмыс істейтін жақын серіктестер. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуынан кейін біздің жаһандық мәселелер бойынша ынтымақтастығымыз тереңдей түсті», - делінген мәлімдемеде.

Одан бөлек, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанды «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін табысты өткізуімен құттықтады.

Бұған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Крол қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтаған еді.  

Соңғы жаңалықтар