АҚШ халқы Қазақстан туралы біле бермейтін - америкалық тілші

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысының әкімі Амандық Баталов АҚШ-тың «Foreign Affairs» журналына сұхбат берді. Жетісу өңіріне журналдың жобалық директоры, халықаралық санаттағы журналист Игнасио Гоэнэкэ арнайы келіп, сұрақтарына жауап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Амандық Ғаббасұлы әлемде аналогы жоққа тән «Құрғақ порт, «Қорғас еркін экономикалық аймағы», «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізі жайлы терең әңгімелеп берді. Жетісу өңірінің инвестициялық мүмкіндіктерін де айтып өтті. Сұхбат экономика, саясат, қоғам, әлеумет салаларында өрбіді.

Соңында Игнасио Гоэнэкэ: «Сіз қай кезде өзіңізді бақытты сезінесіз?», - деген сауал қойды. Әкім: «Халыққа тиімді іс жасап, көздеріндегі ризашылығын көргенде», - деп жауап берді.

Америкалық журналист бұған дейін Астанада болып, бірқатар лауазымды тұлғалар мен қаржылық институт басшыларынан сұхбат алған.

«Шыны керек, АҚШ халқы Қазақстан туралы біле бермейтін. Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік ұстанымы оның тұлғасына деген, мемлекетіне деген қызығушылықты оятты. Біздің журнал осы бір олқы тұсты толтырып, Қазақстан жайында материалдар топтамасын жарияламақ. Республиканың ең ірі агроөнеркәсіптік аймағы ретінде таңдауымыз Алматы облысына түсті. Амандық Баталов мырзаның да іскерлігі жайында естіп-білдік. Бұл сұхбат та АҚШ пен Қазақстан арасындағы байланыстың артуына ықпал етеді деген сенімдемін.Баталов мырза мамандығы құрылысшы бола тұра, саясат пен экономикада жан-жақты екенін көрсетті. Ризамын! Мақала мамырда басылады. Алматы облысына біраз данасын жібереміз», - деді «Foreign Affairs» журналының жобалық директоры, журналист  Игнасио Гоэнэкэ. 

Айта кету кереу, «Форин Афферс» -  100 жылдық тарихы бар беделді журнал. Негізін 1920 жылдары америкалық белгілі журналист Кэри Арчибальд қалаған. Тиражы - 170 мың дана. Электронды нұсқасының оқырмандары 2,5 млн-нан асады.  Ұстанымы - АҚШ-тың сыртқы саясаты, халықаралық қатынастар.

Соңғы жаңалықтар