АҚШ энергетика министрі: Климат туралы дау әлі аяқталған жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Энергетика министрі Рик Перридің пікірінше, «климат өзгереді» және «оған адамзат ықпал етеді. Бұл туралы ол  Ақ үйде өткен баспасөз брифингінде айтты.

Бұған дейін қазіргі АҚШ әкімшілігінің өкілдері климаттағы ғаламдық топансу тұжырымдамасының дұрыстығына жиі күмән келтіретін, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Рик Перри климаттың өзгеруіне байланысты ғылым әлі соңғы сөзін айтпағандығын жеткізді.

Перридің пікірі климаттағы ғаламдық топансу тұжырымдамасына бірнеше рет күмән келтірген АҚШ-тың қазіргі әкімшілігінің өкілдері мен президент Дональд Трамптың да назарын аударды. Трамптың өзі бір кездері «бұл америкалық өнеркәсіптерді бәсекеге қабілетсіз етуге» бағытталған жаңсақ пікір деп сендірген болатын.

Ақ үй АҚШ әкімшілігінің өткен жұмыс аптасын энергетика мәселелеріне арнады. Оның сейсенбі күні таратқан анықтамасында президент Трамптың елдің климат өзгерістеріне байланысты Париж келісімінен шығатындығы баса айтылған. 

Соңғы жаңалықтар