АҚШ доллары арзандады - KASE

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 1 доллардың орташа бағамы 334,17 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда, доллар бағамы 0,73 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 334 теңге деңгейінде, ал ең жоғары 334,4 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 26,05 млн долларды құрады.

Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 334,9 теңге, күндізгі сессияда - 334,8 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 334,85  теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 107 млн долларды құраған.

Соңғы жаңалықтар