АҚШ атлеті 20 жыл өзгермеген әлемдік рекордты жаңартты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Америкалық атлет Кристиан Коулман 60 метр қашықтыққа жүгіруден әлемдік рекорд орнатты. Енді бұл көрсеткіш  6,34 секундты құрайды, деп хабарлайды euronews.

Бұған дейінгі рекорд АҚШ атлеті Морис Гринге тиесілі болатын. Оның көрсеткіші 6,39 секунд еді.

Айта кетер жайт, бұрынғы рекорд 20 жылдан кейін 5 секундқа жаңарып отыр. Кристиан Коулманның рекорды жабық ғимаратта өткен Америка атлетикалық біріншілігінде жасалды.

Соңғы жаңалықтар