АҚШ Астанадағы сириялық келіссөздерге қатысатын өкілін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы АҚШ елшілігі Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздер барысында осы елді таныстыратын өкілін атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Астанада 4-5 шілде аралығында өтетін сириялық келіссөздерде АҚШ-ты Мемлекеттік хатшының таяу шығыс істері жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Стюарт Джонс таныстырады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстан астанасындағы Сирия жөніндегі келіссөздер төрт кезеңнен өтті (23-25 қаңтар, 15-16 ақпан, 14-15 наурыз және 3-4 мамыр). Төртінші раундтың нәтижесі бойынша кепілгер-елдер - Ресей, Иран және Түркия - Сирияда қауіпсіздік аймағын құру туралы меморандумға қол қойды. ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов кезекті раундты қорытындылай отырып, Астана процессінің басты мақсаты елдегі қан төгісті тоқтату екендігін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар