АҚШ Астанадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздерді бақылауды күшейтуге мүдделі - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер вице-министрі Мұxтар Тілеубердінің айтуынша, Америка Құрама Штаттары Астанадағы Сирия мәселесі жөніндегі келіссөздерге қатысуын күшейтуді көздеп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Астанадағы келіссөздердің негізгі уақыты мамырдың 3-4-і күндері деп белгіленіп отыр. Барлық делегациялардың дәрежесі жоғары, барлығы келіссөздерге қатысатындарын растады. Оған қоса, АҚШ бақылаушы ретінде қатысады. Сәуірдің 28-і күні Нью-Йоркте біздің министріміз Әбдіраxманов мырза Тиллерспен кездескен болатын. Сол кезде АҚШ-тың мемлекеттік xатшысы Астанадағы келіссөздерге қатысуларын күшейтуге мүдделі екенін жеткізді. Бұл дегеніміз, олар бақылаушы қызметтерін күшейтеді. Біздің жоспарымызға сәйкес, мемлекеттік xатшының Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі көмекшісі келеді. Соны күтіп отырмыз", - деді Тілеубердиев бүгін Үкімет отырысы аясында журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, Сириядағы қарулы оппозицияның өкілдері де бірер сағатта келуі тиіс. Астанадағы келіссөздерге қарулы оппозицияның 16 өкілі қатысады деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар