АҚШ ӘЧ-2018-ден шет қалғандар арасында турнир ұйымдастырмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ футбол федерациясы Ресейде өткен әлем чемпионатына қатыспай қалған командалар арасында чемпионат ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды ESPN.

Турнирге Италия, Голландия, Шотландия, Уэльс және Чили құрама командалары шақырылады деп күтілуде.

Ал әлемдік доп додасына келер болсақ турнир қожайыны ретінде автоматты түрде тізімге енген Ресей құрамасынан басқа 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын командалар қатарында Бразилия, Иран, Жапония, Мексика, Бельгия, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Германия, Англия, Испания, Нигерия, Коста-Рика, Польша, Египет, Исландия, Сербия, Франция, Португалия, Панама, Уругвай, Колумбия, Аргентина, Марокко, Тунис, Сенегал, Швейцария, Хорватия, Швеция, Дания және Австралия құрама командалары бар. 

Соңғы жаңалықтар