АҚШ 4 млн долларды ұрлаған қазақстандықты еліне қайтарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 млн доллардан аса қаражат ұрлаған қазақстандық АҚШ-тан қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

ҚР Бас прокуратурасы мен АҚШ-тың құзыретті органдарының өзара серіктестігі нәтижесінде «Самсунг Электроникс» ЖШС-ның бұрынғы жұмыскері, алаяқтық арқылы 4 млн доллардан аса қаражат ұрлағаны үшін ізделінген Т.Наурызбаев қылмыстық қудалау үшін Қазақстанға тапсырылды.

«ҚР Бас прокуратурасы мен АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің Иммиграциялық кеден полициясы және АҚШ Әділет департаментінің Федералдық тергеу бюросының өзара қатынасының арқасында Т.Наурызбаевқа АҚШ иммиграциялық статус беруден бас тартып, оны Қазақстанның құқық қорғау органдарына табыстады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар