Ақсайда жігіттің 9-қабаттан секіріп кетуіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласындағы 10-шағынауданда 1996 жылғы тұрғынның тоғызыншы қабаттан секіріп кетуіне байланысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 мамыр күні орын алған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, медициналық сараптама тағайындалып, жас жігіттің мұндай қадамға неліктен барғандығы анықталу үстінде. 

Соңғы жаңалықтар